Уәлиханов аудандық сотында «Ашық есіктер күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Уәлиханов  аудандық сотында аудан азаматтарының  қатысуымен «Сот кабинеті» және  «Сот  кабинетінің ұтқыр түрі» тақырыптарында «Ашық  есік  күні» өтті.
Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Ә.Т.Боранбаева, республиканың  соттарында  қазіргі  заманғы  ақпараттық технологияларды қолдануға және сот төрелігіне қол жеткізуді  көтеруге  үлкен мән  берілетіндігін  айтты.
 Жоғарғы Сотпен www.sud.kz  ресми  сайтында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервис іске  қосылды,  онда азаматтар, олардың  өкілдері және адвокаттары сотқа талап қою өтініштерін, қайта қарау және кассациондық шағымдарды, қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарауға қолдаухаттарын, электронды түрде  өтініштерін бере  алады,  онлайн  режимде мемлекеттік бажды төлей  алады, сот құжаттарын  қарай алады, сонымен қатар іс  бойынша мәртебесін  көре  алады. 
Ә.Т. Боранбаева келушілерге  тағы  да  «Сот кабинетін»  ары  қарай жетілдіріп және жаңғырту үшін міндеттерді жүзеге асыру барысында, ұтқыр құрылғылардың көмегімен, сот органдарымен ұсынылатын сервистерге қол  жеткіздіретін, Ұтқыр «Сот кабинеті» қосымшасы әзірленді.  Қосымша, жеке тұлғаларға да, заңды  тұлғаларға  қол жетімді  болады. Ұтқыр «Сот кабинеті» қосымшасы  көбінесе, «Сот кабинетінің» жіберілетін  құжаттардың  іске  асырылғанын немесе күтілетіндігін қарау; сот отырысына қатысушылардың күнтізбесі; істерді тыңдау  тізімі; құлақтандыру сервистерімен қадамдастырылған.
«Сот кабинеті» сервисінде тіркелмегендер үшін, өзінің ЖСН/БСН және ұялы  телефонының нөмірін нұсқау, қосымшасы арқылы тіркелу  үдерісін өту мүмкіндігі  бар.
Кездесу  соңында кеңсе  меңгерушісі Ә.Т.Боранбаева іс-шараға  қатысушылардың  сұрақтарына жауап берді.
 
Источник: 
Уәлиханов аудандық соты