Уәлиханов аудадық сотында «Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiн жою туралы конвенция» ережесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Уәлиханов аудандық сотында «Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiн жою туралы» Конвенция ережесі нормаларын мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің  және сот мамандарының қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өткізілді.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты аталған тақырыптағы халықаралық шарттарды мәлімдеу және түсіндіру.
Қатысушылардың алдында сот төрағасы Қ.К.Әлжанов қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясының негізгі аспектелерін түсіндірді. Сонымен қатар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан шаңырақтың шырқы бұзылып, көп жағдайда некелердің бұзылуына түрткі болып жататындығын алға тартты.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, құқық қорғау органдарымен тұрмыстық зомбылыққа қатысты фактілерді анықтау және оқу орындарында түсіндіру жүмыстарын жүргізе отырып, бақылау жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылдады.
Источник: 
Уәлиханов аудандық соты