Сотта өкілдік ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық соты «Сотта өкілдік  ету»  тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына адвокатура, сот орындаушыларының, салық басқармасының  және әкімдіктің өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты құқық нормасын ақпараттық сүйемелдеу  және түсіндіру жөнінде жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету, нақтылап айтқанда, тапсырма бойынша өкілдік ету және өкілдің өкілеттілігін ресімдеу мәселелері бойынша, 2014 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңнамасына түсініктеме беру.  
Судья Д.К.Дүйсенбаев семинарды ашық деп жариялап, өз баяндамасында Елбасының жолдауында құқықтық саясаттың негізгі мәселелерінің бірі болып азаматтармен соттың қорғау құқығын жүзеге асыру  және бұл үшін сот төрелігін іске асыру процесін жеңілдету қажет екендігін атап өтті.  
Семинар барысында, жаңа басылымдағы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 59-бабына  сәйкес,  іске қатысатын адамдардың өтінуімен сот рұқсат еткен, жоғары заңгерлік білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алатындығына тоқтала кетті. Сотта өкілдікті жүзеге асыру үшін аталған тұлғалар сотқа жоғары заңгерлік білімі бар екендігін куәландыратын құжат ұсынулары қажет.
Сондай-ақ, заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адам беретіндігі туралы түсініктеме берілді.  ҚР Адвокаттың іс жүргізу Кодекстің 61-бабының 1-бөлігінде тізбеленген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері нотариат куәландырған сенімхатпен немесе нотариат куәландырылған теңестірілген сенімхатпен расталуға тиіс.
Заң кеңесі немесе адвокаттар алқасының адвокаттық кеңсесі беретін, ал ол өз қызметін жеке-дара жүзеге асырған кезде – адвокаттар алқасының төралқасы беретін ордерден басқа, мүддесін білдіретін тұлғадан сотқа сенімхат ұсынуы тиіс.
Семинарға қатысқандар жаңа енгізулерді талқылап, сотта өкілдік етуге қатысты судьяларға  сауалдар қойды.
 
Источник: 
Қызылжар аудандық соты