Сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкер М.-ді жұмысқа қайта орналастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Петропавл қалалық №2 сотына азаматша М. «Петропавл қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта алу және амалсыз жұмысты босату уақыты үшін жалақыны өндіріп алу туралы талап қою арызымен шағымданған.
Сот талап қоюшы М. «Петропавл қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 5-ші үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі қызметінде жұмыс атқарғанын анықтады.
2016 жылғы 25 мамырдағы бұйрыққа сәйкес лауазымдық қызметтерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
2016 жылғы 31 тамызда тағы да лауазымдық қызметтерін дұрыс орындамағаны үшін М.-мен еңбек шарты бұзылған.
Жағдайдың мән-жайын анықтау барысында сот жұмыс беруші тарапынан бұзушылықтарды тапты. Осылайша, жұмыс беруші жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жаза шарасын қолдана отырып, тиісті түрде  қызметтік тексеріс жүргізбеген.
Сондай-ақ сот отырысында 2016 жылғы 31 тамыздағы № 157 бұйрығында көрсетілген бұзушылықтарға әкеліп соқтыған лауазымдық нұсқаулық бұзушылықтарды, талап қоюшының жұмыс міндеттерін дұрыс орындамауды растайтын дәлелдемелер көрсетілмеген.
Осындай анықталған жағдайларда сот шығарылған бұйрықтар заңсыз және негізделмеген болып табылады және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің норма талаптарына сәйкес келмейді деп есептейді.
Сот шешімімен талап қоюшының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Талап қоюшы М. жұмысқа қайта орналастырылды. Мемлекеттік мекемеден амалсыз жұмысты босату уақыты үшін жалақы, сондай-ақ сот шығындары өндіріп алынды.
Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі