Шал ақын аудандық сотында әкімшілік заңнамасны қолданудың кейбір мәселелері тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырғанда туындайтын Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға прокуратура өкілдері, әкімшілік полициясы бөлімінің басшысы, полиция учаскесінің инспекторлары қатысты.
Іс-шара барысында жиналғандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды сапалы толтыру,  құқық бұзушылық дәлелдемелерінің толықтығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс қозғау кезінде және істерді сотқа жолдау кезінде қызметтік міндеттерін тиісті түрде орындамаған  лауазымды тұлғаларға қатысты соттар қолданатын ден қою шаралары қаралып, соттардың әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқтығына байланысты және әкімшлік жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кетуіне байланысты әкімішілік құқық бұзушылық туралы істерді қысқарту фактілеріне талдау жасалды.
«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы болып ішкі істер органы, прокуратура  және соттың жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында өзара ұсыным қабылдау болып табылды.
Атап айтқанда, әкімшілік материалдарды заңға сәйкес ресімделуін және сотқа уақытылы жолдануын бақылауды күшейту керектігі облыстың Ішкі істер департаменті мен прокуратураның басшылығына ұсынылды.
Сонымен бірге әкімшілік істерді ресімдеуге немқұрайлы қарау фактілерін болдырмау қажет. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар осы іс-шараның өзектілігін, сондай-ақ осы кездесу әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырғанда және әкімшілік істерді сотқа жолдағанда туындайтын көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Источник: 
Шал ақын аудандық соты