Петропавл қалалық сотының ұжымы өкілдері "Билер – қазіргі уақыттағы судьялардың бейнесі " тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Билер – қазіргі уақыттағы судьялардың бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу үшін Петропавл қалалық сотының ұжымы «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» ҚММ тәрбиеленушілеріне барды. Дөңгелек үстел сот судьялары мен мамандары ұйымдастырған дастархан басында өткізілді.
12-16 жастағы балалармен әңгімені Айнур Айтымова өткізді. А. Айтымова балаларға Қазақстан Республикасының сот жүйесінің құрылу тарихы туралы және XV-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында негізгі сот билік билер сотында болғандығы туралы нақты айтып өтті.
Қазақ қоғамының өмірінде білікті рөл атқарып, Билер соты ең басты институт болды. Заңды би функциясын - беделі жеткілікті, шешендік сөзге бай және кәдімгі құқық нормаларын білетін, кез келген қауымының бос мүшесі орындай алған.
Сондай-ақ, маман қазіргі уақыттағы сот жүйесі туралы айтып өтті. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап, өз ұйымдастырушылық және құқықтық негізін қатайтып, елмен бірге сот жүйесі де жоғары дами бастаған.
Айнур Айтымова бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының сот жүйесінде электрондық сот өндірісі кең жүзеге асырылғандығы, ақпараттық сервистерді туралы, оларды қолдану тек қана сот төрелігін сапалы  жүргізуді жақсарты емес, сонымен қатар оның ашықтығын қамтамасыз етеді, барлық қатысушыларға және соның ішінде судьяларға тәртіптігі туралы аса назар аударды. Электрондық жүйе құжат айналымының артықшылығы - кез келген азамат ақпараттық-анықтама желідерден ақпарат алуының мумкіндігі, негізгі функциялары: күнделікті азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, олардың заңды тұлғаларын және заңды тұлға өкілдерін; азаматтарды сотқа берген шағымдарының шешімі нәтижесі туралы ақпараттандыру; сот істері өндірісін ұйымдастыру сұрақтары бойынша ақпараттық-анықтамалық көмек көрсету болып табылатын айта кетті.
Кездесу Алғыс  кунің мерекесі қарсаңында өткізілгендіктен, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» ҚММ ұжымы көрсетілген назар мен қолдауға ризашылықтарын білдіріп, алғыс хат және  тәрбиеленушілердің қолымен жасалған бұйымдарын ұсынды.
Источник: 
Петропавл қалалық соты