Петропавл қалалық сотында «Медиация қылмыстық сот өндірісінде дауларды түзету тәсілі ретінде» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қалалық сотында «Медиация қылмыстық сот өндірісінінде дауларды түзету тәсілі ретінде» тақырыбында Петропавл қалалық сотының судьяларының, Петропавл қ. прокуратурасының өкілдерінің, адвокаттар алқасының, ОБ СК «Серіктестік» медиация және құқық орталығының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.
Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина өз баяндамасында, медиация – бұл жақтардың өз ерікімен таңдалатын сотсыз дауларды түзету тәсілі екендігін атап өтті.
Медиация сотқа дейінгі тергеу кезінде жүргізілсе, сот тергеуін бастаған кезде де жүргізілуі мүмкін.
С. Литфуллина медиация тәсілінің қолданылу принциптері туралы айтты, сондай-ақ, қандай категориядағы істер бойынша медиация қолданылатынын «дөңгелек үстел» қатысушылардың назарын  аударып,  медиация тәртібі арқылы татуласып тоқтатылған қарастырылған қылмыстық істердегі статистикалық деректерді айта кетті. Медиация институтын енгізу бойынша сот қызметін ұйымдастыру мен әдістің мақсат бағыттылығы туралы дәлелдейтіні және медиация тәртібімен қылмыстық істердің тоқтатылуы оңтайлы үрдіс болып табылатындығы  сөзсіз.  
Шараның соңында судья С.Литфуллина «дөңгелек үстел» қатысушыларына қатысқандары үшін және қызықты әңгімеге алғыс білдірді.
 
Источник: 
Петропавл қалалық соты