Петропавл қалалық сотында «Дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қалалық сотында: «Жеке айыптау істері бойынша электрондық форматқа көшу» тақырыбында судьялармен, Петропавл қ. Прокуратурасының өкілі, Петропавл қ. ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен, және де кеңсе меңгерушісімен, мамандардың қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді.  
Сот төрағасы, Ербар Қалиев, 2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасында қылмыстық сот өндірісі қағаз түрінде жүргізілсе, электрондық форматта да жүргізілетініне назар аударды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында қылмыстық сот өндірісін цифровизациялай бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр.
Берілген жаңа өзгерістірге байланысты Е.Қалиев ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жеке айыптау шағымдары бойынша материалдарды сотқа электрондық түрде сот өндірісін жеңілдету үшін қолданылатын электрондық өзарабайланыс көмегі «Сот кабинеті» сервисі арқылы, және де сот жүйесінің жылдам, әрі ашақтығын көрсетететіндігіне жұмыстарын бағыттауды ұсынды. 
Источник: 
Петропавл қалалық соты