Қызылжар аудандық соты 2014 жылғы жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
2015 жылғы 20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қызылжар аудандық сотының 2014 жылғы сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы  өткізілді.
Сот төрағасы Е.Қ. Қалиев өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып  статистикалық  деректермен таныстырды.
2014 жылдың 12 айында 89 тұлғаға қатысты 71 қылмыстық іс қаралды  (54 үкім шығарылды, 13 іс қысқартылды), 2013 жылдың 12 айында 188 тұлғаға қатысты 166 қылмыстық іс қаралды (52 үкім шығарылды, 101 іс қысқартылды), өткен жылмен салыстырғанда 95 іске, яғни 58,3 пайызға төмендеді. Қаралған істер санының төмендеуі сотқа дейінгі кезеңде қылмыстық қудалау органдары тараптарды бітістірумен қысқартатын орташа және аса ауыр емес санатына жататын істердің азаюымен түсіндіріледі. 
Осы көрсетілген кезеңде барлығы 657 азаматтық іс қаралды, (оның ішінде 394 шешім, 109 сот бұйрығы  шығарылды), 2013 жылдың 12 айында 565 іс қаралды, (оның ішінде 339 шешім, 70 сот бұйрығы шығарылды), бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92 іске, яғни 16,2 пайызға жоғары.
Қаралған әкімшілік істердің саны да көбейді, 2013 жылы 877 іс қаралған болса, 2014 жылы 891 іс қаралды, нақтылап айтқанда 14 іске немесе 1,6 пайызға артты.   
Баспасөз-конференциясының барысында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енгізілген жаңа ҚР ҚК, ҚР ҚІЖК, ҚР ҚАК, ҚР ӘҚБтК кодекстері жөнінде БАҚ өкілдерін қызықтырған сауалдар талқыланды.
Сондай-ақ,  сот төрағасы  «Сот кабинеті» жаңа ақпараттық сервисінің енгізілгені жайында айта кетті. Жыл қорытындысы бойынша «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа 15 талап арыз келіп түсті.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, бюрократиялық тосқауылдарға жол бермейді.
Істерді сапалы және тез қарау, сот ісін жүргізуде медиацияны, жаңа инновациялық технологияларды кеңінен қолдану соттың 2015 жылға қойған басты міндеттері екенін сот төрағасы айта кетті. 
Іс-шара  соңында сот төрағасы журналистерге алғыс айтып, алдағы уақытта өзара байланысты  одан әрі күшейтуге тілек білдірді.
Источник: 
Қызылжар аудандық соты