Архив событий

14/01/2015

Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

14/01/2015
 
Соттардың ашықтығын, жариялылығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Арықбалық селолық округі» ММ-нің мамандары, Айыртау ауданының №2 ҚАИ инспекторы қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының нормалары бойынша түсініктеме берілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде туындайтын өзекті мәселелер

14/01/2015
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №2 сотында судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау» тақырыбында семинар өткізілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде кейбір қателіктер жіберетіні анықталды.