Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде туындайтын өзекті мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №2 сотында судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау» тақырыбында семинар өткізілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде кейбір қателіктер жіберетіні анықталды.
Сот төрайымы Ә.А. Досымова семинардың өзектілігін атап өтті. Өйткені жаңа ҚР ӘҚБтК-тің аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде туындайтын көптеген мәселелер бойынша бірыңғай практиканы қалыптастыру қажет.
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 сотының судьясы М.Б. Хасенов та баянадама жасады.
Судья өз баяндамасында құқық қорғау органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау кезінде жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жіберетін негізгі кемшіліктерге қатысушылардың назарын аударды. Осыны ескере отырып, бұдан былай жұмыста қолдану үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді.
Жиын соңында сот төрағасы мен судья семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.  

 

Қайнар: 
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты
Тегтер: