Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Соттардың ашықтығын, жариялылығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Арықбалық селолық округі» ММ-нің мамандары, Айыртау ауданының №2 ҚАИ инспекторы қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының нормалары бойынша түсініктеме берілді.
Атап айтқанда Айыртау ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.С. Парманов медиация рәсімінің қағидалары мен міндеттері, қолдану аясы жөнінде баяндап, дау-шарды шешудің балама тәсілдерін кеңінен қолдану соттардың жүктемесін азайтып қана қоймай, сонымен бірге дау-шарды өзара тиімді шешуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.
Көптеген дамыған елдерде медиация рәсімі кеңінен қолданылады.
Соттарда медиатордың қызметін кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар жүзеге асыра алады.
Сонымен бірге іс-шара кезінде кәсіпқой емес медиаторларға қойылатын талаптарға қатысушылардың назары аударылды.
 
Қайнар: 
Айыртау ауданының №2 аудандық соты