Айыртау аудандық тсотында «Бала құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Айыртау аудандық сотында «Бала құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында дөңгелек үстелөткізілді.
Іс-шараға аудандық сот судьялары жәнесот мамандары, аудандық прокуратура өкілдері, ІІБ қызметкелері және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Судья А.Е. Байжұманова өз сөзінде, бала құқықтарының декларациясында  қаралған талаптар мен нормаларға ерекше назар аударды.
Бала құқығының қорғалуы анасының құрсағында жатқан кезден басталады. Жарық дүниеге келіп 18 жасқа  жеткенге дейінгі барлық құқықтар ұлттық заңнамада көрсетілген.
«Бала құқықтары туралы Конвенцияға» қатысушымемлекет әрбір бала мен оның ата-анасының, қамқоршысының нәсіліне, түр түсіне, жынысына, тегіне, мүліктік жағдайына, денсаулығына байланысты қандай да  бір кемсітусіз барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.
Іс-шара соңында, қатысушы тараптар күнделікті жұмыста туындайтын мәселелерді көтеріп, Конвенция талаптарының іске асу барысын саралады.
 
Источник: 
Айыртау аудандық соты