Айыртау аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау аудандық сотында «Конституция – еліміздің негізгі заңы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот судьялары және сот мамандары қатысты.
Сот төрағасы А.М. Шәмшінұрова өз сөзінде, алдағы мерекенің маңызы мен заңдылығын айтып өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясы –мемлекеттің басты, түбегейлі заңы, 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдум арқылы қабылданған.
Конституциялық нормаларын тәжіребиеде қолдануына назар аударды. Сонымен қатар, бірнеше мысалдар келтіріп, қоғамдық құқықтық сауаттылықты дамытуға және сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға ұсыныс енгізді.
Іс шара соңында сот төрағасы А.М. Шәмшінұрова ең маңызды мемлекеттік мерекелердің  бірі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтап, бейбітшілік және Қазақстан Республикасын жаңа жетістіктерге жетуге тілек білдірді.
 
Источник: 
Айыртау аудандық соты