Қоғамдық Кеңес

Облыстық сотта Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

27/10/2015
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында құрамына жергілікті қоғамның беделді өкілдері: ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілі, БАҚ өкілдері енетін Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.  
Кеңестің төрайымы, құрметті отставкадағы судья Тамара Михайловна Дмитриева отырысты ашып, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы мен мәнділігін атап өтті.
Судьялық корпустың сапалы құрамын қалыптастыруда көмек көрсету аталған кеңестің негізгі міндеті болып табылады.

Судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында

04/04/2014

   Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қоғамдық Кеңестің 2014 жылғы алғашқы отырысы өтті, облыстық сот жанындағы кеңестің құрамына «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, құрметті отставкадағы судьялар, Муниципалды телерадиоарнаның бас редакторы, «Әділ арқа» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаттары, «Солтүстік Қазақстан» газетінің редакторы  енеді.