Сотқарлықтың залалы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша К. Пресновка селосының үш тұрғынына өрттің нәтижесінде ұшыраған шығынды өндіріп беру туралы талап арызымен Жамбыл аудандық сотына жүгінді.

Істің мән-жайларына сәйкес, 2013 жылғы 20 қыркүйекте кешкі сағат 19.00 шамасында үйдің жанындағы 60 центнер шөп күйіп кеткен.

Алдын ала тергеу барысында шөпті сегіз және тоғыз жастар аралығындағы үш бала қасақана өртеп жібергені анықталды. Алайда, балалардың қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жетпегеніне байланысты, аталмыш факті бойынша ішкі істер органдары «Едәуiр зиян келтiре отырып,  өрт қою әдісімен бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру» ҚР ҚК 187-бабының 2-бөлігі «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.

Сот шешімімен К.-ның шығын сомасын өндіріп беру туралы талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан ортақ тәртіпте 100 000 теңге мөлшеріндегі зиян сомасы өндіріп алынды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі