Петропавл қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қалалық сотында, халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында, сот әділдігінің ашықтығы мен қол жетімділігі туралы Солтүстік Қазақстан Кәсіби-педагогикалық колледж ұстазымен студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Петропавл қалалық сотының бас маманы Айнур Айтымова студенттермен әңгіме жүргізіп, сот жүйесінің қызметі туралы, істерді қарастыруда қазіргі замандағы технологияны пайдаланылуы туралы, сот процесстерінде аудио-бейне тіркеу жүйесінің жұмысы туралы айтты, және де қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
Мұндай шаралар құқыққа қарсылықты болдырмау және профилактика, қоғамға қарсы әрекет ретінде, сондай-ақ,  сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін көрсету үшін  қажет.
Источник: 
Петропавл қалалық соты