Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық кодекстерінің жаңа моделінді талқылау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық кодекстерінің жаңа моделінді талқылау» тақырыбына  судьялары, прокуратурасының, полиция және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен дөнгелек үстел өткізілген.
Дөнгелек үстелді жүргізу барысында ҚР-ның Қіж және ҚК-нің жаңа моделін талқылады. Айыртау ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Рамазанов М.Н. сөз сөйлегенде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық кодекстеріне қатысты кейбір өзгерістерін бiлдiрдi.
Қолданылып жүрген ҚР ҚіжК-не сәйкес, тергеуге дейінгі тексерудің күші жойылды. Ол қылмыс туралы хабарламаны тіркеген сәттен бастап қылмыстық іс қозғауына дейін жүргізіледі. Прокуратура дәл осы сатыда заңсыз әрекеттер және өзге де теріс пайдалануларының ең көп фактілерін айқындайды. Қылмыстық іс жүргізудің ұсынған моделі қылмыс туралы арыздарды және хабарламаны тіркеген сәттен бастап күдіктіге қорғану құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тергеу судьясы тұлға енгізіледі. Тергеу судьясы тұлғасында сот бақылаудың енгізуі объективтік қажеттілік болып табылады. Тергеу судьясы іс жүргізу және тергеу әрекеттердің қатарына санкция беруге мәселелердi шешетiн болады.
Айыртау ауданының прокуратурасы прокурордың аға көмекшісі Кажигалиев Е.А. дөнгелек үстелдің қатысушыларға іс жүргізу прокурорының институтты, оның өкілеттігі туралы айтылды. Ол прокуратурасының бастығы нақты қылмыстық ісі бойынша  іс жүргізу прокурорын тағайындайды. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексеруден бастап қадағалауды жүзеге асырады және өз сотта айыптауды қолдайды. ҚР ҚіжК іс жүргізу прокуроры мен прокуратурасы бастығының өкілеттіктердің аражігін ажыратайды.
Тергеу бойынша Айыртау ауданының ІІБ бастығының орынбасары Лукьяненко Г.Б. тәжірибесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың учаскелік полиция инспекторымен тіркелу жүргізілетіні қалай болады егжей-тегжейлі тоқтатылды.
Источник: 
СҚО Айыртау ауданының №2 аудандық соты