Айыртау ауданының №2 сотында заңдылық маңызы бар фактісін анықтау сұрағы бойынша сот төрағасымен жеке қабылдау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Халыққа құқықтық көмек, азаматтардың соттарға деген сенімін, құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында СҚО Айыртау ауданының №2 аудаңдық сот төрағасы Қ.Әбубәкір Айыртау ауданы, Арықбалық селосының тұрғыны О.Ермакпен заңдылық маңызы бар фактісін анықтау сұрағы бойынша жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында сот төрағасымен АПК-нің 305-306 баптарына сәйкес туыстық фактісін анықтау сұрағына, арызданушының арызды сотқа тұрғылықты жері бойынша жазбаша, немесе электрондық құжат формасында беру тәртібі бойынша түсіндірме берілді. Сонымен қатар,  сот органдарына жүгіну кезінде уақыт пен қаражатты үнемдейтін, «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа жүгіну тәртібі тыңғылықты түсіндірілді.
Жеке қабылдау барысында,  барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Источник: 
Айыртау ауданының №2 соты