Айыртау ауданының №2 аудаңдық сотында әріптесін 30 жылдық еңбек өтілімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Галина Николаевна Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының №2 аудаңдық сотындағы (бұрынғы Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы Арықбалық халық соты) еңбек жолын 1988 жылы бастап, осы күнге дейін еңбек етіп келеді.
Арқасында сот мәжілісінің хатшысы ретіндегі 30 жылдық еңбек өтілі бар ол, өз ісінің кәсіби шебері. Осы еңбек жылдарында, ол өзін сауатты, тәртіпті және жауапкершілігі мол маман ретінде көрсетті.   Соттың жас мамандарымен өзінің көп жылғы тәжірбиесімен әрдайым бөлісе отырып, оларға үлгі болуда.
Галина Николаевнаға қандай да маңызды тапсырманы беріп, оның оны мүлтіксіз орындайтына еш күмән болмайды. Еңбек сүйгіштік, ұқыптылық, адалдық, жауптылық- осы қасиеттері оны ұжымда қадірлі маман етіп отырғаны.
Сот мамандары әріптестерін құттықтай отырып, туған күн иесіне «Шагая по страницам трудовых будней» атты фотоальбомды сыйға тартып, оған мықты денсаулық, жанұяда ынтымақ және әрі қарай да табысты еңбек тіледі.
Источник: 
Айыртау ауданының №2 соты