Сот жұмысының қорытындысы

Солтүстік Қазақстан облысы соттарының 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырып, 2017 жылдың 9 айы ішінде атқарған жұмысы туралы ақпарат

1.Солтүстік Қазақстан облысының соттарына 2017 жылдың  9 айы ішінде барлығы 31 868 сот ісі мен арыз келіп түсті, соның ішінде:

- азаматтық істер бойынша: облыстың соттарына 2017 жылдың 9 айы ішінде 313 азаматтық іс (2016 жылы 145) және 19742 арыз (18134) келіп түсті, яғни үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде келіп түскен азаматтық істердің саны (168-ге) және арыздардың саны (1608-ге) көбейді;

- қылмыстық істер бойынша: 1679 іс келіп түсті (2016 жылы 1681), яғни келіп түскен қылмыстық істердің саны 2 іске азайған;

Солтүстік Қазақстан облысы соттарының 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырып, 2017 жылдың 3 айы ішінде атқарған жұмысы туралы ақпарат

1. Солтүстік Қазақстан облысының соттарына 2017 жылдың  3 айы ішінде барлығы 9836 сот ісі мен арыз келіп түсті, соның ішінде:
- азаматтық істер бойынша: облыстың соттарына 2017 жылдың 3 айы ішінде 87 азаматтық іс (2016 жылы 47) және 5944 арыз (5677) келіп түсті, яғни үстіміздегі жылдың 3 айы ішінде келіп түскен азаматтық істердің саны (40-қа) және арыздардың саны (267-ге) көбейді;

Солтүстік Қазақстан облысы соттарының 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстыруда 2015 жылғы 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат

1. Солтүстік Қазақстан облыстық соттарына 2015 жылғы 1 тоқсанда барлығы 9418 сот ісі мен өтініш келіп түсті, оның ішінде:
- облыстың соттарына 2015 жылғы 1 тоқсанда азаматтық істер бойынша 54 азаматтық іс (2014 жылы 141) және 4963 талап арыз (5382) келіп түсті, яғни а.ж. 1 тоқсанында келіп түскен азаматтық істердің саны азайды (87-ге), ал арыз өтініштері көбейді (419-ға).
- қылмыстық істер бойынша 301 іс келіп түсті (2014 жылы 324), яғни келіп түскен қылмыстық істердің саны 23 іске азайды.

Солтүстік Қазақстан облысы соттарының 2014 жылғы 12 айдағы жұмысы туралы 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы түрдегі ақпарат

1. Солтүстік Қазақстан облысы соттарына 2014 жылғы 12  айда барлығы 44 640 сот істері және өтініштер келіп түсті, оның ішінде:
- азаматтық істер бойынша облыс соттарына 2014 жылғы 12 айда 412 азаматтық іс (2013 жылы 588) және 24686 талап арыздар (20457) келіп түсті, яғни ү.ж. 12 айында келіп түскен азаматтық істердің саны азайды (176-ға), ал арыздар саны көбейді (4229-ға).
- қылмыстық істер бойынша 1284 іс келіп түсті (2013 жылы 1879), яғни келіп түскен қылмыстық істердің саны 595 іске азайды.