Уәлиханов аудандық сотында «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Уәлиханов аудандық сотында «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары талқыланды

Уәлиханов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге: прокуратураның, ішкі істер бөлімінің, әділет басқармасының, акиматтың, қаржы бөлімінің өкілдері, және сот орындаушылар қатысты.
Мемлекет басшысымен  анықталған «100 нақты қадамды»  жүзеге асыру жолындағы 5 институционалдық реформа, дамыған 30 мемлекеттің құрамына кірудің жоспары болып табылатын.
Сондай-ақ дөңгелек үстелде азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін 19 мақсатты қадамда көрсетілген заңның үстемдігін қамтамасыз ету, реформадағы бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу бағыт-бағдары, барлық сот процестерінің дыбыс- бейне жазбаға жазылуы бойынша және басқа да нақты қадамдар талқыланды. Сонымен қатар, жаңа реформа сот жүйесін нығайту мен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Шара соңында сот төрағасы Қ.К.Әлжанов біздің мемлекеттің әр азаматы ұлт жоспары 5 институционалдық реформасын іске асыру жолына өзінің үлесін қосуға міндетті екеніне тоқталды.  
 
Қайнар: 
Уәлиханов аудандық соты