Сот мәжілістерінің бейне-дыбыс тіркеуі // "Парыс", 17.07.2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сот мәжілістерінің бейне-дыбыс тіркеуі

«Нұр Отан» партиясының 16 съезінді ел басы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлік қызмет үшін  шарт жасайтын меншік құқығын кепілдендіретін  заң төрелігін қамтамсыз ету, нәтижесінде экономикалық  өсу үшін негіз  болатын  шартты міндеттердің қорғау  институцианалдық реформаның  бірі ретінде атап  өтті.

Осыған  орай 100 нақты қадам ұлт жоспары бойынша Президент заң  төрелігін  қамтамсыз ету  бойынша келесі бағыттарды  аттап өтті.

Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін  жеңілдету үшін  сот жүйесі сатыларын  оңтайландыру.  Бес сатылы сот  жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық,  қадағалау және  қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне  көшу.

Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін  көбейту және  біліктілік  талаптарын қатайту. 

Оқуды және  сот  тәжірбиесі  арасындағы  өзара байланысты  күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару  академиясының құрылымынан  бөлінуі керек.  

Барлық сот процесіне  бейне  және  таспаға  жазу шараларын  міндетті түрде енгізу. Судья жазуды тоқтату немесе бейне-дыбыс тіркеу материалдарын өзгерту үшін мүмкіндігі болмауы қажет.

Қазіргі уақытта көптеген сот отырыстарының  залдары жаңа бейне-дыбыс тіркеу құралдарымен  қамтамасыз етілген және  бұл жұмыс  барлық  сот мәжілісінің залдарын  қамтамсыз ету бойынша жүргізіледі.

Бейне-дыбыс тіркеу құралдары  пайдаланылатын  залдардың артықшылығы: істі қарау онлайн  тәртіпте  өтеді, аталған жаңашылдық судьяларды да, прокурорларды да,  және  сот талқылауына  қатысатын  тараптарды да тәртіпке  үйретеді.      

Жаңа технологияларды барлық  соттарда пайдаланады.  Белігленген сот мәжілісінің басталуын тіркейтін уақытта сот отырысы залында барлық  қатысушылар өз орындарында болулары қажет. Сот ісін  жүргізу,  тараптардың сөз сөйлеуі бейне дыбыс тіркеумен өтеді,  бұдан  алдын барлық  сөз сөйлеулер сот отырысының  хатшысымен қолжазбалық түрінде жазылатын, ал іс аяқталғаннан  соң  сот отырысының  хаттамасы  қағаз түрінде жасалып,  ресімделетін, ал  қазіргі таңда сот отырсынан соң  тараптар сотқа бейне жазбаны алу үшін жүгініп, дискке жазылған сот отырсының  жазбаасымен  өздері таныса алады,  тараптарды,  куәгерлерді сұрауда бейне дыбыс тіркеу  онлайн  тәртіпте пайдаланылады.   Бұл жаңалықтар  сот мәжілісі хатшысының  жұмысын  оңтайландырды, іс жүргізуге  қатысушылар үшін  де ыңғайлы. Сот отырсын бейне  дыбыс тіркеуді пайдалану туралы іс жүргізу кодекстеріне де сәйкесінше өзгерістер енгізілді. Бұл енгізілген жаңалықтар жаңа технологияларды пайдалану халық  үшін  ыңғайлы, құзыреттіліктің кеңеюіне,  соттардың ашықтығына  және  қолжетімдігіне септігін  тигізеді, сонымен  қатар азаматтардың өз құқықтарын  қорғаудағы мүмкінігін  шектеуді  болдырмайды. Адамдар  сотқа көбірек сенетін  болды,  бұл Ел басының  сот жүйесін реформалау бойынша  саясатының жүргіунің  нәтижесі болып  табылады.

 

Сот төрағасы С. Қасқарбаев