Әкімшілік сотта «100 нақты қадам – ұлт жоспары» талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында   «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыруда 100 нақты қадам – ұлт жоспары» заңның үстемдігін жүзеге асыру реформасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілген.
Жұмыс барысында әкімшілік құқық бұзушылық істерін туғызу құзырына кіретін прокуратура, полиция, кеден қызметінің өкілдері, сонымен қатар адвокаттар қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында заңның үстемдігін жүзеге асыруда институционалдық реформаны орындауда мемлекет Басшысымен сот жүйесіне жауапкершілік жүктелгені аталып өтті.
Іс-шара қатысушылары Ұлт жоспарының міндетті түрде барлық сот процесстеріне аудиовидеожазбаны енгізудің 20-шы қадамында тоқталды. Судья аудиовидеожазба материалдарын жөндеу немесе жазбаны тоқтату мүмкіндігіне ие болмауы қажет.  
Сот процесстерінің аудиовидеожазбасы – бұл ашық сот мәжілісінің барысын жазуға мүмкіндік беруші аудио және видео жазбаны тоқтаусыз қолдану.   
Сот процесстерінің аудиовидеожазбасын сот мәжілісі залында орналасқан компъютерде ойнату үшін «Аудио-видео фиксация» арнайы бағдарламасы орнатылады, содан кейін барып процесс жазбасы іске асады.    
Сот мәжілісі біткеннен кейін аудио және видео жазбаға цифрлық электронды автоматтандырылған қол қойылады және АВЖ жүйесінің серверінде сақталады. Сот мәжілісінің аудио және видео жазба көшірмелерін жазу электрондық тасымалдаушыларда бір данада (CD және DVD дискілер) жүзеге асады, ол тізімде көрсетілумен іске қатыстырылады.    
Кездесу барысында қатысқандар баршылық сұрақтарды талқылады. 

Қайнар: Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты