Экономикалық сотта «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Экономикалық сотта «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының оқыту орталығымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының базасында «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бөлігіндегі Елбасының институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша ұлт жоспары - 100 нақты қадам» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға облыстық соттың, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратураның және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы судья Т.С. Вьюхова талқыланған мәселенің маңыздылығын атап, сонымен қатар реформаларды тиімді жүзеге асыру ынтымақтастық қарым-қатынасқа байланысты екендігін атап көрсетті.
Судья Е.С. Біләлов іс-шара барысында сөз алып, қазіргі таңда сот жүйесі қызметін ұйымдастыру, оның құқықтық әлеуетін арттыру, азаматтардың заңды құқықтары мен конституциялық бостандықтарын жүзеге асыру бойынша көп жұмыс атқарылып жатқандығы туралы баяндады.  Өткізіліп жатқан реформалар және оларды кезеңмен жүзеге асыру азаматтық сот іс жүргізуінде байқалатынын атап өтті.
«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» - институционалдық реформаларын жүзеге асыруға жоспардың екінші бөлігі арналған, ол он тоғыз нақты қадамнан тұрады, оның он бірін сот жүйесін және сот іс жүргізуін әрі қарай модернизациялаудың негізгі бағыттарына жатқызуға болады. Заң шығару бастамалары сот төрелігін реформалауға оң әсерін тигізеді, себебі сот оған берілген барлық процессуалдық міндеттерді толық атқаруға міндетті.
Аталған реформа қолданыстағы бес сатылы сот төрелігі жүйесінен үш кезеңдік – бірінші, апелляциялық, кассациялық жүйеге өтуді білдіреді. Бірінші инстанция – аудандық, оларға теңестірілген соттар, апелляциялық инстанция – облыстық және апелляциялық инстанция сотының құзіреті кеңейтілген оларға теңестірілген соттар, кассациялық – Жоғарғы Сот штаттық саны көбейген және істердің соттылығы мәселелеріне қатысты кейбір өзгерістер енгізумен. Соттардың үш кезеңдік жүйесін енгізу жеңіл, қолжетімді және теңгерімді сот төрелігі жүйесін құруға септігін тигізеді. Сот іс жүргізуінде аталған өзгерістерді жүзеге асыруға дайындық 2015 жылы басталып кетті.    
Заңнамаларға сәйкес өзгертулер енгізу арқылы судьяларға үміткерлерді таңдау механизмі және біліктілік талаптары артуда. Судьяға үміткерлердің жас мөлшері 30 жасқа дейін артты, сот жүйесінде немесе сот іс жүргізуімен байланысты қызмет өтілі бес жылдан кем емес, жұмыс істемей шәкіртақы төлеумен сотта бір жылдық стажировкадан өту және бір жыл сынақ мерзімі.  Сот органдарының қызметкерлерін дайындау сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін қамтамасыз етуге көмегін тигізеді және сот жүйесі тиімділігінің айтарлықтай бөлігі болып табылады.     
Сот қазылары біліктілігін дамыту жаңашылдық болып табылады, оның құрамында тәртіптік және квалификациялық алқа қызмет етеді.
Жиналғандар соттардағы жүктеме сот төрелігін іске асырудың негізгі көрсеткіші ретінде ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылатынын айтты. Осыған байланысты, азаматтық іс жүргізуді жеңілдету және тездету судьялардың жүктемелерін жүйелі төмендетуге және соттарда азаматтық істерді сапалы қарауды арттыруға көмектеседі.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу практикасы кең перспективаға ие, бірінші кезекте сотқа дейінгі кезеңде бітімгершілік процедураларын пайдалану, қазіргі кезде ол медиация, сонымен қатар жаңа АІЖК бітімгершілік процедураларын пайлалану бойынша жұмысты жалғастыру және бекіту жоспарда бар. 
Қазіргі таңда құқықтық нормаларды жүзеге асыру механизмін жеңілдету және біркелкі сот практикасын құру бойынша шаралар қолданылуда. Аталған бағытта аудео-бейне жазба процесі, сот хабарламалары, сот органдарына өтініштер бойынша ақпараттық технологиялар, электрондық сот іс жүргізуін ендіру маңызды рөл атқарады. Осындай механизмдерді қолдану қаржылық, материалдық-техникалық шығынды айтарлықтай азайтуға, кадрлық ресурсты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Іс-шараның соңында «дөңгелек үстелдің» қатысушылары заңның үстемдігін қамтамасыз ету бөлігіндегі институционалдық реформаларды жүзеге асырудың болашағын талқылады. 
 
Қайнар: 
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот