Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
«100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарына сәйкес Солтүстік облыстық сотының оқу орталығымен Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданараылық сотының базасында «Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Оның жұмысына облыстық және мамандандырылған соттың судьялары, прокуратура, ішкі істер органдары, облыстық және қалалық әкімдігі, психоневрологиялық диспансері және облыстық наркология орталығының өкілдері қатысты.
Сот төрағасы С.В. Викторенко баяндамамен шықты, сот ісін жүргізу реформасын жүзеге асыру үшін заңның үстінен қараушылықты қамтамасыз ету мақсатында алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту керек екендігін көрсеткен біздің мемлекетіміздің Президенті Н.А. Назарбаев деп өз баяндамасында түсіндіріп өтті.
Алдағы уақытта алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейтуге байланысты  алқа билерін іріктеу барысында оңтайландыруды жүргізу қажет. Бұл үрдісті оңтайландыру үшін алқа билерге үміткерлердің тізімін  жергілікті атқару органдарымен құрастырылған сапаны жақсарту бойынша жүиелік жұмыс атқару қажет.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары алқа билерге үміткерлерді тура іріктеу мен алқа билерге үміткерлер тізімін құрастыру барысында туындаған мәселелі сұрақтарды белсенді талқалады. Қазіргі ақпараттық жүиелері қолдану қажеттілігіне көңіл аударған.
 «Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Қайнар: Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты