«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуын түсіндіру мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Аудан әкімшілігі ғимаратында «Мемлекеттік қызметті реформалау және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары» тақырыбына арналған семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Зина Сапуанқызы Байгаскина, Уәлиханов аудандық соты төрағасының міндетін атқарушысы Әбубәкір Қанат Әкімжанұлы, ауылдық округ әкімдері және аппараттарының бас мамандары, мемлекеттік мекемелер басшылары мен ұжымдары қатысты.
«Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Уәлиханов аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Қанат Әкімжанұлы Әбубәкір сөз сөйледі.
ҚР Президенті белгілеген бес институционалды реформа бүгінгі күні, сот жүйесі саласы жұмысының негізгі тапсырмасы болып отырғандығын баяндама барысында Қ.Ә.Әбубәкір атап өтті. Сот жүйесі  уақыт талабына, мемлекеттің және қоғамдық дамуға жауап беретіндей үнемі жетілдіріліп отыруы керек. Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам –  баршаға арналған қазіргі мемлекет» атты Ұлт Жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағыты бойынша сот жүйесіне қатысты 19 мақсатты қадам көзделген. Оның ішіндегі 11 қадамы еліміздің сот жүйесін реформалауға бағытталған.
Аталған шара Елбасының бастамасы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылу барысын мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындарға жеткізу және насихаттау мақсатында өткізілді. 

Қайнар: Уәлиханов аудандық соты