Архив событий

16/02/2015

Петропавл қалалық сотының ұжымы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті

16/02/2015
Петропавл қалалық сотының ұжымы жақсы дәстүрге айналған «Жетім және ата-ананың қорғауынсыз қалған балалар облыстық мектеп-интернаты» ММ-гі тәрбиеленушілермен кезекті кездесуге барды.
Кездесу еркін, тату атмосферада өтті. Балалар қонақтар сыйлаған тәттілер мен ыстық шай үстінде мектеп-иетернат өмірінің соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
Петропавл қалалық сотының ұжымы балалар үйінің балаларымен кездескенде жұдырықтай жүректеріне жетіспейтін қамқорлық пен махаббатты беруге, көңіл бөліп, қамқор болуға тырысты.