Колледж студенттері мамандандырылған әкімшілік сотқа келді
10/02/2020
Сот отырысының бас маман-хатшысы Асхат Балкашев колледж оқушыларына сот отырыстарының аудио-бейнетіркеу жүйесін қолдану және "Сот кабинеті" сервисінің артықшылықтары туралы айтып, сот отырысының залдарына экскурсия жүргізіп, әкімшілік сот базасында пилоттық жобаларды іске асыру туралы ақпаратты студенттерге жеткізді.
Оқушылар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында болды.