Сот ғимараттарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Сот ғимараттарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда облысымыздың аудандық және оған теңестірілген соттарының Сот әкімшілерінің басшылары, сот приставтары және күзетшілері қатысты.

ІҚБ басшысы А.Д. Айтпаев төтенше жағдайлары туындаған жағдайда (терррористік акт қаупі, өрттің туындауы және т.б.) өткізу және объектішілік режимдердің ережелері және күзетшілер мен сот жүйесі қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

Семинар барысында сот ғимараттарында  қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сот приставтарының күзетшілермен өзара іс-қимылы,  сонымен бірге сот ғимаратына кіретін тұлғаларға, соның ішінде сот жүйесінің қызметкерлеріне қатысты сапалы тексеру іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды. 

ІҚБ аға сот приставы Марат Рамазанов семинарға қатысушылардың назарына сот приставтарының іс-әрекеттері жөніндегі нұсқаулықты жеткізді және сот отырысы барысында жол берілген бұзушылықтар үшін әкімшілік хаттама жасау тәртібін түсіндірді.

 

Источник: 
Ішкі қауіпсіздік бөлімі
Теги: