Архив событий

28/07/2021

ӘРПК шегінде татуластыру келісімдерінің саны артуда

28/07/2021

2021 жылдың 28 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен  азамат И. және жеке сот орындаушы А. арасында татуластыру келісімі бекітілді.

Талапкер сотқа жеке сот орындаушының  қызметіне ақы төлеу туралы міндетерді жүктеуімен келіспей, жеке сот орындаушының  қаулысының күшін жою туралы әкімшілік талаппен жүгінді.

Алдын ала тыңдауда сот процеске қатысушылармен татуластыру келісімін жасау мүмкіндігін талқылады, ол жауапкерде әкімшілік қалау болған жағдайда қолданылады.