Мамлют аудандық соты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Құрметті оқырмандар!
 
    Кез келген елдің сот жүйесіне деген қоғамның сенім деңгейі судьялардың жұмыс сапасына, олардың біліктілігіне, сот кеңсесінің жұмысына және қоғамның өзі сот органдарының қызметімен қаншалықты таныс екеніне, заңды құқықтарын сотта қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар екеніне байланысты.Осыған орай сот төрелігін іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
  Халықтың судьялар қабылдаған шешімдер, әсіресе үлкен қоғамдық резонанс тудырған істер бойынша; сотта болып жатқан маңызды оқиғалар; соттар қызметіне қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы анық білуіне мүдделіміз.
  Қазақстан Республикасының сот жүйесі бүкіл қоғамның игілігі үшін қызмет атқарады, сондықтан жұмыс нәтижесі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша сот жүйесі жабық бола алмайды.
   Аудандық соттың интернет-ресурсына жүгіну – нақ осындай анық және тексерілген ақпаратты жедел алудың қазіргі заманға сай әдістерінің бірі.
   Біздің ойымызша сайт материалдары азаматтарға, іске қатысушыларға, заңгерлер мен журналистер қауымына сот жүйесінің қызметін тереңірек танып білуіне ықпал етеді.
   Көрсетілген принциптерді қамтамасыз ету сот билігінің беделін нығайтып, қоғамның оған деген сенімін арттырады.
   Мамлют аудандық сотының ресми сайтының барлық қызметі нақ осы мақсаттарға жетуге бағытталған.