"Тайынша таңы", 09.09.2016гж.//"100 нақты қадам Ұлт Жоспарын практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ету - жетістікке жету жолы", председатель Северо-Казахстанского областного суда Е.Айтжанов

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау
Ұлттық сот жүйесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз дамуының жаңа кезеңіне өткенін сеніммен айтуға болады. Үш буынды сот жүйесіне өту, судьяларды іріктеу және даярлау бойынша талаптарды күшейту, жаңа Азаматтық процестік кодекс, Жоғарғы Сотта инвестициялық даулар бойынша жаңа алқаны құру және басқа да бірқатар жаңашылдықтар Елбасының бастамасымен әзірленген «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын практикалық жүзеге асыру бойынша нақты шаралар болып табылады.
Тұтастай алғанда сот жүйесінде жүзеге асырылған екі векторды атап өтуге болады:
  1. біріншісі – республиканың сот ісін жүргізуін жаңғырту,
  2. екіншісі – судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру. 
 
Осылайша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап сот төрелігі бес сатылы жүйеден үш буынды жүйеге өтті. Инстанцияларды қысқарту кезінде істерді алқалы қарауды қолданумен апелляцияның рөлі күшейтілді. Сонымен бірге істерді алқалық қарау, олардың ауырлық деңгейіне байланысты жүргізілетінін атап өткен жөн.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотпен қорғауға кең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында іске қатысатын тұлғалар апелляциялық шағым жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден толық босатылады.
Сондай-ақ  сот жүйесінің алдына қойылған міндеттердің бірі барлық сот процестерін аудиобейнетіркеуді міндетті түрде енгізу болып табылады. Онымен бірге қазіргі күні пайдаланылатын аудиобейнетіркеуді жүйесінде деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі бар, «Төрелік» сот органдарының жүйесімен және «Сот кабинеті» онлайн-сервисімен интеграцияланған.
Сот процестерін аудиобейнетіркеуді енгізу - бұл мобильді, ашық, барлығына қолжетімді және заң үстемдігіне негізделген уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы тағы бір қадам. Онда судьяның жазбаны тоқтатуға және аудиобейнетіркеу материалдарын өңдеуге мүмкіндігі жоқ.
Елбасы өткен Республика судьяларының VI съездінде Жоғарғы Соттың алдына Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық  процестік кодексін жасау міндетін қойды.
Осы тапсырманы сапалы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының  Жоғарғы  Соты ауқымды жұмыс атқарды, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі жаңа редакцияда әзірледі, оны жасауға мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, заңгерлер, жұртшылық ат салысты, бұл барлық пікірлері есепке ала отырып, кодекс жаңашылдығының өзектілігі мен маңыздылығына  жеке талдау жасауға және бағалауға мүмкіндік берді.
2015 жылдың 31 қазанында Елбасы алғашқы рет жаңа Азаматтық  процестік кодекске бүкiлхалық алдында қол қойды.
Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде татуластыру рәсiмдерi мен дауларды альтернативті тәсілмен шешуді кең қолдану қарастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысы судьяларының ерекше назары татуластыру рәсiмдерi мен дауларды альтернативті тәсілмен шешуді қолдану мен жалғастыруға бағытталды. Судьялар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес тараптарға татуластыру рәсімдері арқылы дауды реттеу мүмкіндігі туралы құқықтарын түсіндірді.
Қазіргі күні осы бағытта мақсатты да дәйекті жұмыс жүргізілуде және оң нәтижелері бар. Республикада алғашқы рет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен партисипативтік келісім жасаумен іс қаралған.
Шалғайдағы аудандарда, селоларда, қалалық типтегі кенттерде тұратын халықты қолдау үшін, және де олардың татуластыру рәсімдері институтының қызметтеріне еркін қолжетімділігі мақсатында татуласуға жету үшін азаматтарға тұрғылықты жерінен шықпай медиаторға жүгіну мүмкіндігін беретін әкімдіктер жанындағы медиация кабинеттері ашылды. Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы жанында Медиация орталығы ашылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотымен Ерік Хамзаұлы Сұлтановтың қатысуымен құқықтық дауларды реттеу үшін татуластыру рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюға  «НұрОтан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық кеңестің, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының,  Солтүстік Қазақстан облысының Нотариалды Палатасының, «Содружество» құқық және медиация орталығының, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының өкілдері қатысты.
Татуластыру рәсімдерінің дамуы заң үстемдігін қамтамасыз ету – 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін сәтті жүзеге асырудың айқын айғағы болып табылады.
Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету мақсатында жаңа Азаматтық процестік кодекс талаптарына сәйкес  азаматтық-құқықтық  даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуы қысқартылды.
Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту мақсатында сот ісінтерін жүргізуге қатысудың бесжылдық еңбек өтілі қажеттілігі туралы заңнамамен міндетті норма енгізілді.
Судьяларға кандидаттар үшін соттарда тәжірибеден өту мерзімі бір жылға дейін ұзартылды, және степендия төлеу енетін негізгі жұмыс орнынан босатылумен тұрақты түрде өтеді.
Қазіргі күні жұртшылықтың жаңа судьяларды іріктеуге қатысуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалды. Атап айтсақ, барлық облыстық соттарда, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстық сотында әр судьялыққа үміткерлердің әрқайсысын міндетті түрде қарастыратын Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер құрылған. Олардың міндеті үміткердің моральдық келбетін байқау.
Оқу мен сот практикасының өзара байланысын күшейту мақсатында қазіргі күні Сот төрелігі институты Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекттік басқару академиясының құрамынан Жоғарғы Сот иелігіне ауыстырылды.
Сонымен қатар Институт Сот төрелігі Академиясы болып қайта құрылды және оның жанында үш институт құрылды – олар магистратура, судьяларға арналған біліктілікті арттыру институты және ғылыми зерттеу институты.
 Жалпы бұл сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға және сот практикасының тұрақтылығына ықпал етеді.
Судьялардың кәсіби және моральдық келбетіне қойылатын қатаң талаптарға байланысты қызметтегі судьяларға қойылатын талаптар күшейтілген. Сот жюриі құрамында екі дербес біліктілік және тәртіптік комиссия құрылды.
 Жаңартылған жюри құзіреттілігіне қызметтегі судьяларды тексеру мәселелері кіреді, мәселен бес жылда бір рет, сондай-ақ жоғары тұрған сотта лауазым атқару үшін конкурсқа қатысу кезінде олардың атқаратын лауазымдарына кәсіби сәйкестігі. Яғни бұл судьялардың кәсіби деңгейін тексерудің мемлекеттік қызмет жүйесінде қолданыста жүрген меритократия ережелеріне толық сай жасалатын тура тәсілдер.
Жоғарғы Сотта мамандардырылған сот алқасы құрылған және жұмыс жасайды, оның құзырына ірі инвесторлар қатысқан даулар Орталық сайлау комиссиясының таласқа байланысты шешімі мен әрекеті туралы өтініштер бойынша істер және әкімшілік істер жатады.
Инвестициялық даулар бойынша азаматтық істердің тараптарының  ірі инвестор болса, бірінші инстанция ережесі бойынша алқа қарастырылады.
Көрсетілген жаңашылдық инвестициялық  дауларды аса жоғары кәсіби деңгейде шешуге және оңтайлы инвестициялық климат қалыптастыруға ықпал етеді.
Алқабилер сотын қолдану аясы кеңейді. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған азаматтардың құқықтарын қорғау әрекетті механизмі тергеу судьяларының қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 2015 жылғы 1 қаңтарынан басталған редакциясында тергеу судьяларының құзіреттігіне тергеу әрекетінің 12 түрін санкциялау жатқызылды, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қылмыстық процестік заңмен тергеу судьяларының құзіреттілігі кеңейген. Тергеу судьяларының иелігіне қосымша 4 түрлі тергеу әрекеті жатқызылды.
Осылайша, Елбасының және Жоғарғы Соттың төрағасы  салмақты да дана саясаты арқасында қазіргі күні еліміздің сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерінде жоғары тиімділікті көрсетеді.
Жалпы алғанда, елімізде заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін және қазіргі заманғы құқықтық және демократиялық мемлекеттің барлық жалпыәлемдік стандарттарына сәйкес келетін мықты сот билігі қалыптасқанын атап өтуге болады.
Бүгін біздің қоғамымызда тұрақтылық және қорғалғандық сезімі, заңдардың жұмыс істейтін, адам өз мүддесін қорғай алатын сенімділік бар. Бұл - мемлекетке деген сенімділік. Бұл - еліміздегі соттардың жұмысқа қабілеттілігінің ең басты көрсеткіші.