Жеке кәсіпкер 90 760 теңге соммасындағы айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Л. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 133 б. 1б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында Л.  жеке кәсіпкер бола тұра Петропавл қ.  «Ромео» дүкенінде  кәмелетке толмаған 1999 жылы туылған Д. «Парламент»  темекісінің бір қорабын сатқандығы анықталды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Л. ҚР ӘҚБтК-нің 133б. 1б.  бойынша көзделген  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліккке тартылды, оған 90 760 теңге соммасында айыппұл салынды. 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Тегтер: