А.С. Жанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша пресс-релиз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық (пара алу) жасауда Асқар Советұлы Жанкинге қатысты қылмыстық істі қарады.
 Сот «НК КазАвтоЖол» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры лауазымын атқара отырып, мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлға бола тұра, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «У Ксюши» дәмханасы аумағында 948 км.-да  орналасқан демалыс алаңында күрке мен қарау эстакадасын орнату және «Лана» дәмханасынан бастап бұрылыс алаңына дейінгі көлік жолының шеті бойынша таяныш қоршауын орнату бойынша «К-Дорстрой» АҚ-ның атқарылмаған жұмыстары туралы фактіні жасырғаны үшін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар жолдардағы құрылыс жұмыстарының басқа да нысандары бойынша атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою түрінде көрсетілген өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудағы республикалық маңызы бар автомобильдік жолдарды қайта жөндеумен айналысатын «К-Дорстрой» АҚ мердігерлік ұйымына қамқорлық жасағаны үшін 2017 жылғы 23 ақпанда 2 000 000 теңге ауқымды көлемінде делдал арқылы пара алған.
Тараптардың өтінішхаты бойынша қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте қарастырылды, өйткені сотталушы А.С. Жанкин іс бойынша жинастырылған дәлелдемелердің қатыстығы мен болмысына қарсы пікір білдірмеді, сот отырысында оларды зерделеуге көндірмеді, кінәсін толық мойындады, жасағаны үшін шын жүректен өкінді.
Петропавл қалалық сотының үкімімен А.С.Жанкин Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған осы бап бойынша пара сомасынан алпыс есе көлемінде 120 000 000 теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6-бөлімі 62-бабы негізінде сотталушы А.С. Жанкин 2017 жылғы 23 ақпаннан бастап 2017 жылғы 11 тамыз айы бойынша қамауда ұсталуын ескере отырып, айыппұл сомасын 1 000 000 теңгеге түсірілсін және Асқар Советұлы Жанкинге мемлекеттік органдарда және мемлекеттік қызметте, мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты нақты лауазымдарда өмір бойы қызмет ету құқығынан айырумен, сотталушының жеке меншігіндегі заңсыз жолмен табылған немесе заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатылып алынған мүлікті тәркілеумен 119 000 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалсын.
А.С. Жанкинге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы үкімнің заңды күшіне енуіне дейін «тиісті мінез-құлық және шықпау туралы қолхатқа» өзгертілді.
Қайнар: 
Петропавл қалалық соты