Ювеналдық сотта «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокуратура қызметкерлерінің, Петропавл қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларының, сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімдері мен қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қатысуымен «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының Заң ұлықтылығын қамсыздандыруға қатысты институциялық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрешісі Д. Қайратұлы Заң ұлықтылығына үлкен көңіл бөлініп жатқанын ескертті. Оған дәлел ретінде «100 қадамның» 11-і сот жүйесін жетілдіру бойынша нәтижелі әрекеттерге бағытталғанын айтуға болады.
Құқықтық демократиялық мемлекетті қалыптастыру үшін жоғарғы стандарттарды анықтауға бағытталған жұмыс жалғасын таппақ.
Қазақстандық мемлекеттілікті нығайту бойынша жаңа қадам Мемлекет басшысының бүгінгі күннің шынайы ақиқатымен қоздырылған құқықтық реформалары айқын көрсетілген бағдарламалық құжаты болып табылады. Бұл құқықтық реформалар сот өкіметінің негізгі міндеті – азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғаған кезде әділеттілік жасау және Заң ұлықтылығын қамсыздандыруды – сот өкіметін нығайту үшін аса сапалы және білікті орындау мақсатымен тартылған.
Сонымен қатар «дөңгелек үстел» барысында әділеттіліктің қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіншілік туғызатын үш сатылы сот жүйесіне көшу туралы да айтылған болатын.
«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары бұл бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігінің бүгінгі күнде зор екенін көрсетті.

 

Қайнар: 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты