Ювеналды сотта баламен кездесу тәртібін орнату таластарын сотқа дейінгі реттеу тәртібі бойынша сұрақтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Баламен кездесу тәртібін орнату таластарын сотқа дейінгі реттеу тәртібі» тақырыбында  сот судьяларының, прокуратура қызметкерлерінің, Петропавл қ. білім бөлімінің  қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шарада сот судьясы А.М.Жұмабаева баяндамамен сөз сөйледі, ол қатысушылардың назарын  Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-заяыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.      Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.
Сонымен қатар төраға м.а. Д.Қайратұлы қатысушылардың назарын «Бала құқықтары туралы» Конвенцияның (Нью-Йорк, 20 қараша1989 жыл) 27 бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.Баланы тәрбиелеуші ата-ана (лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады, екендігін атап айтты.
«Дөңгелек үстел» соңында баламен кездесу тәртібн орнатуда туындайтын  өзекті сұрақтар талқыланды.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Пікірлер мен ұсыныстар