Ұлыстың ұлы күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

   Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Наурыз – дүние жүзіндегі мейрамдардың ең көнесі. Күні бүгінге дейін көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мереке бес мың жылдан астам уақыт бойы табиғаттың жаңарып, бой түзейтін шағына тұспа тұс келетін мереке.
   Жиналғандарды құттықтай келе, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  басшылығының атынан барлығының отбасына амандық-саулық, құт-береке, бастамаларына табыс тіледі. 
   - Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Ұлыстың ұлы күні дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық, елімізге бірлік пен бейбітшілік, ырыс-береке әкелсін, - деп құттықтады М.Әкетай.
 
   Солтүстік Қазақстан олыстық сотының баспасөз қызметі