Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Облыстық сотта ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсы өтті.
Конкурсқа аудандық және оған теңестірілген соттарда күнделікті қызметінде мемлекеттік және орыс тілдерін еркін қолдана білетін, аударма жұмысына машықтанған мамандар қатысты.
Сот жүйесіндегі іс қағаздары мен іс жүргізу құжаттарын сауатты аудара білетін аудармашылар корпусын қалыптастыру мақсатында өткізілген аталмыш конкурс 3 кезең бойынша өтті: іс қағаздарын аудару, сот ісіне қатысты құжаттарды аудару, сот отырысын сипаттайтын диалогты кезегімен аудару.
Қатысушылар сайыс шарттарына сәйкес өз білімдерін ортаға салып, күш сынасты. Нәтижесінде бірінші орынды Айыртау аудандық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы С.Е. Алдаңғарова иеленді, екінші орын – Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі З.С. Әсембаеваға бұйырса, үшінші орынды Қызылжар аудандық сотының приставы О.М. Қаржау қанжығасына байлады.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: