Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Наурыз мейрамы салтанатты түрде аталып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Наурыз мейрамы мерекесіне арналған бірқатар іс-шаралар өтті.
Салтанатты мерекені облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашты. Ол жиналғандарды, олардың арасында сот жүйесінің ардагерлерін, облыстық және аудандық соттардың судьялары мен мамандарын көктемгі мерекемен құттықтады, Наурыз мейрамы ортақ тарихы мен дәстүрімен бірлескен республиканың көп ұлтты халқы үшін ерекше маңызға ие болып келетін шұрайлылық пен ынтымақтастықтың нышаны болғанын атап өтті.
Е.Айтжанов қатысушыларға мейірімділік пен бейбітшілік, молшылық пен амандық, денсаулық пен өзара түсініспеншілік тіледі.
Наурыз мейрамын мерекелеудің барлық салттарын көрсету үшін іс-шара байқау түрінде өтті. Облыстың аудандық және қалалық соттары төрт тосыннан шығарылған ауылға бөлінген, олар спорттық жарыстарда, сондай-ақ дәстүрлер мен салттарды көрсетуде сайысты.
Бірінші дойбы бойынша жарыстарда жеңімпаздар анықталды. Содан соң қол күрестіру мен кір тасы спорты бойынша спортшылар күштері мен ептіліктерін көрсетті. Қатысушылар арқан тарту бойынша жарыста командалық рух пен шыдамдылық танытты.
Бұдан әрі дәстүрлер мен салттарды көрсету болды. Командалар ең әдемі киізді үйді құру байқауында, «Үздік ұлттық  костюм» және «Үздік ұлттық әйелдер костюмі» байқауында сайысты.
Үздік ұлттық салт-дәстүр байқауы ерекше қызығушылық тудырды. Осылайша, «Бірлік» ауылы Наурыз мейрамын мерекелеудің дәстүрлері мен салттарын, «Әз-Наурыз» ауылы - «Беташар» салтын, «Бәйтерек» ауылы – «Тұсау кесу» және «Сырға салу» салттарын, «Көктем» ауылы – «Сыңсу» салтын көрсетті.
Соңғы байқау үздік ұлттық үстел байқауы болды. Қазылар алқасына наурыз көже, қоспа, құрт, ас, бауырсақ және тағы басқа тағамдар ұсынылды.
Іс-шараның соңында байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
Бұдан басқа Солтүстік Қазақстан облысының соттары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды құттықтады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі өздерінің қамқорлығындағы «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балаларымен кездесті.
Дәл осы күні Петропавл қалалық сотының ұжымы өздерінің қамқорлығындағы «Облыстық жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Бұл күн балалар үшін ерекше ұмытылмас болды – ән, би, ойындар, байқаулар, қойылымдар, дастархан бәрі «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналды. Жақсы көңіл-күймен қатар балалар сыйлықтар алды.
Солтүстік Қазақстан облысының соттары балалармен кездесіп, осы бала жүректерге осыншама жетіспейтін қамқорлық пен махаббаттың бір бөлшегін сыйлауға тырысады.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: