Солтүстік Қазақстан облыстық сотында кеңейтілген кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2017 жылдың 9 айындағы сот төрелігін іске асыруының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес облыстық сот судьяларының, аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары мен судьяларының, сот жүйесінің ардагерлерінің қатысуымен өтті.
Кеңейтілген кеңестің жұмысын облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашып, облыс соттарының қызметі тек сот төрелігін сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге, судьялар этикасының нормаларын сақтауға, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталғанын атап айтты.
Кеңес барысында облыстық сот алқа төрағаларының, судьялар этикасы бойынша комиссия төрағасының, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.
Солтүстік Қазақстан облысының соттары 2017 жылдың 9 айы ішінде аяқталған 19028 азаматтық істерден шешім шығарып 8622 істі қарады.
Қылмыстық істер бойынша осы кезеңде 1602 іс аяқталды, оның ішінде үкім шығарып 1073 тұлғаға қатысты 948 іс қаралды.
2017 жылдың 9 айында облыс соттары 9510 әкімшілік істі қарады.
Кеңес барысында судьяларға жоғары ведомстволық марапаттар табыс етілді.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық сот судьясы Төлеген Ғайсин мен Мамлют аудандық сотының судьясы Лариса Сафатова құрмет отставкасына кетуіне байланысты судья лауазымынан босатылды. Әріптестері судьяларды құттықтап, олардың өз ісінің маманы екенін атап өтті. Т. Ғайсин мен Л. Сафатова қызмет барысында өздерін білікті заңгер және бірбеткей судья ретінде көрсете білді. Оларға гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Судьялар одағының алғыс хатымен облыстық сот судьясы Юлия Иванова мен Жамбыл аудандық сотының төрағасы Сәуле Садықова марапатталды.
Кеңес аяғында облыстық соттың төрағасы Е. Айтжанов қаралатын істердің барлық санаттары бойынша сот төрелігінің жедел және сапалы іске асырылуын мүлтіксіз сақтауды бұдан әрі қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: