Пневматикалық пистолеттен оқ атқан құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты (елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пневматикалық қарудан оқ ату) ҚР ӘҚБтК-тің 436-бабының 1-бөлігі бойынша   азамат Б.Перигке қатысты іс қарады.
Сот анықтағанындай, 2016 жылғы 09 мамырда түнгі сағат 01.50 шамасында өз пәтерінде отырған  Б.Периг балконның терезесінен МР-54 4,5 мм калибрлі пневматикалық газ балонды пистолеттен Интернационал көшесінің машиналар жүретін жолына қарай оқ атқан.
Б.Периг сот отырысында берген түсініктемеге сәйкес ол қызығушылықпен ағашты көздеп атқан, алайда жолда жүріп бара жатқан патрульді машинаның бүйір жақ бетіндегі әйнегіне тиген. Құжаты жоқ пистолетті өзін-өзі қорғау үшін 8 мамырда танымайтын адамнан сатып алған.
Сот пневматикалық газ балонды пистолетті тәркілеумен Б.Перигті кінәлі деп танып, ҚР ӘҚБтК-тің 436-бабы 1-бөлігінің санкциясы шеңберінде 21210 теңге сомасында 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жазаға тартты. 

 

Қайнар: 
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты
Тегтер: