Өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

  Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 3 ақпандағы қаулысымен  талап арызын қанағаттандырмай қалдырған Петропавл қаласының №2 сотының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы шешіміне талапкер Тамара Евгеньевна Воробьеваның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмай қалдырылды.
   Бұған дейін апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 17-тамыздағы және кассациялық сот алқасының 2012 жылғы 28-наурыздағы қаулыларымен осы іс бойынша шығарылған бірінші сатыдағы сот шешімдерінің күші жойылып, іс жаңадан қарауға бірінші сатыдағы сотқа жіберілген болатын.
   Сондай-ақ кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 6-мамырдағы қаулысымен іс жаңадан қарауға апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған.
   Петропавл қаласы, төрт қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің иесі - осы іс бойынша талапкер Т.Е.Воробьева  «Гранитный» Тұтынушылар Кооперативінің (бұдан былай «Гранитный» ТК) аумағы 0,31 га жер учаскесіне меншік құқығын тануды сұраған;  құрылысқа берілген жер учаскесі «Гранитный» ТК-ге тиесілі жерден берілген деп санай отыра, құрылысқа берілген жер учаскесіне құқықты А.С. Минкин жеке кәсіпкерлігіне ұсынудың заңдылығын даулаған;   А.С. Минкин  жеке кәсіпкерлігі осы үйдің ішінде жапсарластыра-жанастыра дүкенді салып, №1, 2, 3 пәтерлерді қайта құруына байланысты Минкин Александр Сергеевич жеке кәсіпкерлігінің, Петропавл қаласы әкімдігінің, «Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің, «Готика» жобалық-өндірістік бірлестігі» ЖШС-нің, Бич Сергей Борисович жеке кәсіпкерлігінің, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензия беру басқармасы» ММ-нің, «Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензия беру департаменті» ММ-нің әрекеттері мен әрекетсіздігінің заңдылығын даулаған;   құрылыс объектісін өз бетімен салынған құрылыс деп тануды сұраған;
    құрылыс объектісін бұзу жолымен жіберілген бұзушылықты жою және үйдің жағдайын құрылысқа дейінгі жағдайына келтіру міндетін жүктеуді сұраған;
    моральдық зиянды өтеу үшін жауапкерлерден ақшалай соманы өндіріп алуды сұраған.
   Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 03.02.2014ж. қаулысы бойынша апелляциялық сатыдағы сот мынадай тұжырымға келген. «Гранитный» ТК-нің аумағы 0,31 га жер учаскесіне меншік құқығын тану үшін негіз табылмады,  А.С. Минкин ЖК-ге құрылысқа арналған жер учаскесіне құқықты берген кезде заң бұзушылыққа жол берілген жоқ, А.С. Минкин ЖК бекітілген тәртіпте тиісті рұқсаттарды, соның ішінде құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізуге рұқсат алғандықтан, құрылыс объектісін өз бетімен салынған құрылыс деп тану туралы талапты қанағаттандыруға негіз жоқ.
   Талапкер Петропавл қ. №2 сотының шешіміне және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысына кассациялық шағым беріп, аталмыш іс бойынша бұған дейін шығарылған сот актілерінің күшін жоюды сұрады.
   Прокурор кассациялық алқа отырысында талапкер Т.Е. Воробьеваның кассациялық шағымындағы дәлелдермен келіспей, сот шешімі мен апелляциялық алқаның қаулысын заңды және негізді ретінде өзгеріссіз, ал талапкердің шағымын қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
   Облыстық соттың кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 2 сәуірдегі қаулысымен талапкер Т.Е. Воробьеваның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз,  сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.
   Кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының тұжырымдарымен келісе отырып, Петропавл қ. №2 соты шешімінің және апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жоюға негіз таппады.
 
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі