Медиация мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде бітістіру рәсімдерін дамыту, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне істерді қарау кезінде дауларды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс нысандарының тәртібін реттейтін заңның жекелеген нормаларын енгізу мақсатында Айыртау ауданының №2 сотында «Медиация» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
   Осы шараға Айыртау ауданының №2 сотының төрағасы М.Н. Рамазанов, Айыртау ауданының №2 сотының судьясы А.С.Парманов, сот қызметкерлері, ауылдық округтерінің әкімдері, ауданның кәсіпқой емес медиаторлары, прокуратура, адвокатура, ІІАБ, әкімдік, БАҚ өкілдері қатысты.
   Дөңгелек үстел кезінде медиацияның қолданылу мәселелері, медиаторларға қойылатын талаптар, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің медиацияны жүргізуі, ауылдық округ әкімдерінің кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жүргізуі, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар, қылмыстық сот ісі барысында және отбасылық қатынастар саласында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері талқыланды.
   Дөңгелек үстел соңында қатысушылар осындай маңызды іс-шара ұйымдастырғаны үшін сот өкілдеріне алғыс айтып, осы мәселе бойынша пікірлерін білдіріп, кәсіпқой емес медиаторларды тіркеу және жергілікті жердегі халыққа медиация қағидатын түсіндіру мақсатында ауылдық округтерінің әкімдерімен бұдан былай жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.
 
Айыртау ауданының №2 соты