Мамлют ауданында медиаторлардың қатысуымен дауды (жанжалды) шешу сұрақтары бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Мамлют ауданында Мамлют аудандық сотының төрағасы А.С. Пармановтың, Мамлют ауданы прокуроры К.Е. Ермекбайдың бастамасымен медиаторлардың қатысуымен дауды (жанжалды) шешу сұрақтары бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Бұл кеңеске аудан әкімі Е.М. Бекшенов, Мамлют ауданының прокуроры К.Е. Ермекбай,  Мамлют аудандық сотының төрағасы А.С. Парманов, СҚО АНК медиация орталығының басшысы Г.Н. Мұсабаева, Мамлют аудандық ІІБ бастығы С.Д. Альжанов, жергілікті полиция қызметінің басшысы Н.Б. Қожағұлов, аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Р. Нұрмұқанова, ауыл округтерінің және Мамлютка қаласының әкімдері, қала ұйымдарының басшылары, учаскелік полиция инспекторлары, сот орындаушылары, қала және ауыл округтерінің медиаторлары, БАҚ және телевидение қатысты.
Қатысушыларға сәлемдесу сөзімен аудан әкімі Е.М. Бекшенов сөз алды, ол осы өзекті тақырыпқа белсене қатысуға шақырды.
СҚО АНК медиация орталығының басшысы Г.Н. Мұсабаева өз сөзінде 28.01.2011 жылғы ҚР «Медиация туралы» заңының міндеттеріне, медиацияны қолдану аясына, осы процедураны қолданудың принциптеріне, медиация өткізетін медиаторлар мен ұйымдардың  құқықтық жағдайын атап өтті.
Медиацияны енгізудің келешегі туралы прокурордың көмекшісі А.К. Алиппаев сөз сөйледі, ол бұл бағытта жұмыс әлі толық атқарылмайтынын және мәселелердің барын атап өтті. Медиаторларға ұсыныстар келтірді.
Кеңес барысында аудан медиаторлары арасында конкурс жарияланды, оның нәтижесі ағымдағы жылдың 30 тамызында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталарды берумен өтетінін атап өтті.
Медиаторлардың қызметін жақсарту бойынша өз пікірлерін аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы Т.К. Омаров, Становое селолық округі ардагерлері кеңесінің төрағасы  В.М. Миронов айтты.
Сөз сөйлеушілер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Қеңесті аудан әкімі Е.М. Бекшенов қорытындылады.
Қайнар: 
Мамлют аудандық соты