Қылмыстық сотта семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 21 шілдесінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеу бойынша сот мамандарының қатысуымен семинарлық сабақ өткізілді.
Баяндамашы, бұл Заңның - әркімнің заңмен тыйым салынбаған жолмен ақпаратты алу мен тарату жайлы конституциялық құқығын жүзеге асыру нәтижесінен туындайтын қоғамдық қатынастарды зерттейтінін атап кетті.
Сұрау салу, ақпарат иеленушілердің ғимарат ішінде ақпаратты орналастыру бойынша ақпаратты беруге ерекше назар аударды. Жазбаша сұрау салуға жауап беру тәртібі айтылды.
Ақпарат алушының қалауы бойынша жазбаша және (немесе) электронды нысанда сурау салу тілінде жауап беру қажеттігі көрсетілді.
Қортындылай келе, сот мамандарына аталған Заңның талаптарын басшылыққа алулары және қатаң сақтаулары қажеттігі айтылды.

 

Қайнар: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Тегтер: