Қылмыстық сотта іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату» тақрыбына семинарлық сабақ  өтті.
Жүргізілген іс-шара барысында судья Д.Н. Исмаилов баяндама оқыды, қылмыстық іс бойынша іс-жүргізуді тоқтату туралы сұрақты шешу ҚР ҚПК 45, 324 баптарымен реттелетіндігін атап кетті.  Сот отырысын тағайындау мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақты шешкен кезде судья іс бойынша өндірісті тоқтатуға алып келетін жағдайлардың бар ма екенін  анықтауы қажет. Іс бойынша өндірісті тоқтата тұру қажетілігінің себептері анықталған жағдайда сот алдын ала тыңдауды өткізеді.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату бойынша қаулыны судья ҚР ҚПК 45 б., қарастырылған негіздер бойынша шығарады.
ҚР  ҚПК  45,324 б., сәйкес келесі жағдайларда сот қаулысымен қылмыстық іс бойынша іс тоқта тұрылады:     1) айыпталушы соттан жасырынған не оның жүрген жері басқа себептермен анықталмаған;      2) сотталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тәртiппен куәландырылған;      3) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған;      4) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн еңсерілмейтін күштің әрекетi;      5) осы Кодекстiң 59-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік әрекеттер орындалып жатқан;      6) сотта прокурор сотталушының дәлелдемелердің заңсыз әрекеттерді қолдана отырып немесе қатыгез қарым-қатынас жасала отырып алынғаны туралы арызын қараған және оның шешіміне шағым жасалған жағдайларда, егер бұл ретте басты сот талқылауын жалғастыру мүмкін болмаса, сот қаулысымен тоқтатыла тұрады.
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады, бұл ретте істі сотта қарау мерзімі үзіледі. Олар жойылған соң, іс жүргізу соттың қаулысымен қайта басталады. Процеске қатысушыларға іс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарланады. Тоқтатыла тұрған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiнің өтуін үзу туралы мәлiметтер болмаса, қылмыстық заңда белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға жатады.
Соңында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру кезінде туындайтын сұрақтарды талқылады.
Қайнар: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Тегтер: