Колледж студенттері «Ашық есік күнінде» сот отырысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.
Студенттер О. ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іске қатысты.
Сот отырысынан кейін төраға м.а. Қайратұлы Д.  сот тарихымен таныстырды, сонда быйылға жылы ювеналды соттардың құрылғандығына 5 жыл болғандығын атап айтты.
Сот төрағасының м.а. Д.Қайратұлы  студенттерге ҚР ҚК-нің 15 бабын түсіндірді, онда  қылмыстық жауаптылықтың  басталатын жас шамасы айқындалған, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің кәмелеткетке толмағандардың және олардың заңды  өкілдеріне қатысты баптарын түсіндірді, кәмелеткетке толмағандардың және олардың заңды  өкілдерінің әкімшілік жауапкершіліктерімен тағайындалатын  жазаларын нақты атап өтті.
 Кездесу соңында төраға м.а. Д. Қайратұлы  студенттерге оқуда табыс және еліміздің заңға бағынышты азаматтары болуларына тілек білдірді.
 
 
 
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты