Әкімшілік сот ісін жүргізудің тиімділігі және жеңілдету мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Мағжан Жұмабаев аудандық сотында «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы жаңа кодексінің ережелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, прокуратура, Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ, «Әділет басқармасы» ММ, «Мемлекеттік кірістерді басқару» ММ, «Орман шаруашылығы» ММ, «СҚО САОД аумақтық бөлімі» ММ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Өткен кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар, баршамызға белгілі 2014 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа кодексті талқылады.
Кодекстің жаңа редациясында көзделген жаңа енгізілімдер әділ қажеттіліктен туындаған, себебі уәкілетті органдар (лауазымды тұлғалар), мен азаматтар әкімшілік заңнаманың бір қатар проблемаларымен қақтығысқан болатын.
Қолданыстағы Кодекс 733 баптан тұрса, жаңа ӘҚБтК 918 баптан тұрады. Жаңа кодексте қолданыстағы Кодекстің уақытпен тексерілген негізгі қағидалары және Жалпы, Ерекше және Іс жүргізу бөлімдеріне бөлінген құрылымы сақталған.
Осылайша, облыстық соттармен заңды күшіне енетін сот актілерін кассациялық қайта қарау институты енгізілген, сонымен қатар заңды күшіне енген қаулыларды қайта қарау негіздері кеңейтілген.
 Заңды күшіне енген қаулыларды қайта ашылған мән-жайларға байланысты қайта қарау институты енгізілген.
 Азаматтар жаңа кодекске сай - өз құқығын қорғау бойынша қосымша мүмкіндіктерге ие болады.
Дөңгелек үстел қатысушылары жаңа кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын аса тиімді қорғау мүмкіндігін беретіндігіне, сонымен қатар заң нормаларын жеңілдететіндігіне сенім білдірді.
 
Қайнар: 
Мағжан Жұмабаев аудандық соты