Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің өзекті мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
  Ғ.Мүсірепов ат. ауданының №2 аудандық сотында Чистополье ауыл аймағы әкімдігі, Чистополье орта мектеп, Ғ.Мүсірепов ат. ауданы ІІБ Чистополье а. полицияның поселкелік бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен және кәсіпкерлік аясында қызмет атқаратын қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында әйелдердің құқықтары» атты семинар өткізілді.  
Қоғамдық өмірде және отбасыда қазақстандық әйелдің рөлі туралы әңгіме тыңдармандардың аса назарын аударды, олар айтылған тақырыпты талқылау барысында белсенді қатысты.
Ғ.Мүсірепов ат. ауданының №2 аудандық сотының судьясы М.Б.Хасенов гендерлік теңдік, дүниежүзілік қоғамда әйел мен ер адамның әлеуметтік теңсіздік мәселелері туралы, сондай-ақ Қазақстанда гендерлік теңсіздік мәселелерін шешу үшін Елбасының дайындаған мемлекеттік саясат концепциясы туралы айтып өтті.  
Сонымен қатар қатысушыларға жыныстардың тең құқықтарына қатысты Қазақстанда бекітілген негізгі Конвенциялар мен Келісімдер, мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған және құжаттардың негізі болатын Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы ұссынылды.
Семинарға қатысушылар әйелдерді экономикалық жылжыту бойынша мемлекет Үкіметімен іске асырылатын басқа да мемлекеттік бағдарламалармен таныстырылды. Бұл - жеңіл өндірісті қайта жөндеу және дамыту бағдарламалары, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес бойынша бағдарламасы, әйел денсаулығының мәселелері бойынша мақсатты бағдарламаларды көздейтін  «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламалар. 
Семинар аяғында судья М.Б.Хасенов қатысушылардың көңілін Қазақстан Республикасының сот жүйесінде гендерлік теңдікті дамытуға, яғни сот судьяларының және сот мамандарының арасында әйел адамдар алатынына аударды.  
Семинар барысында іс-шараның қатысушылар Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
 
Қайнар: 
Ғ.Мүсірепов ат. ауданының №2 аудандық соты